Бейне

24 мин

Музыкадағы авторлық және аралас құқықтар

Музыка жасау кезінде қандай құқықтар пайда болатыны, музыка индустриясында қандай шарттар жасалатыны және әртіс өз мүдделерін қалай қорғайтыны туралы дәріс. Фонограммаға кім құқылы, халық шығармашылығының туындыларын қолдануға бола ма және бірлескен авторлар арасында қандай келісімдер бар. Танымал кейстер мен шағын-практикум.

Сания

Султанова

Заңгер, of note жобасының негізін қалаушы, зияткерлік меншікке, авторлық құқыққа және деректерді қорғауға маманданған. Of note жобасы шығармашыл индустрияларға құқықтық сауаттылықты арттыруға көмектеседі.

Пайдалы сілтемелер:


• CLIP – Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының платформасы. Платформа музыка индустриясының экожүйесі, құқықтары, лицензиялау және тарату туралы ақпараттық жинақтарды ұсынады.


«Музыка индустриясындағы негізгі келісімдер» атты музыка бастамалары институтының анықтамасы. IMI сайтында музыка индустриясындағы негізгі келісімдерге шолу және нақты келісімде қандай ережелердің орынды және орынсыз екендігі көрсетілген (IMI материалдары Ресей Федерациясының заңнамасына негізделгенін ескеріңіз).


of note жобасы (@ofnote.kz Instagram парақшасы). of note жобасының аясында шығармашылық мамандарға арналған авторлық құқық және сабақтас құқықтар, келісімшарттар жасау және авторлық құқықты бұзу жағдайларында дәлелдемелер жинау секілді құқықтық мәселелерге шолу жасайтын жадынамалар жарияланады.

Бізді Instagram парақшамыздан бақылаңыздар

Бізді Instagram парақшамыздан бақылаңыздар

Бізді Instagram парақшамыздан бақылаңыздар